Корея Халықтық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореямен барлық байланыстарын үзу туралы шешім қабылдады
ЦТАК агенттігінің ақпараты бойынша, бұл туралы сейсенбі күні үкіметтің атынан мәлімдеме жасаған КХДР-ның Отанды бейбіт жолмен біріктіру жөніндегі комитетінің өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Чхонан» корветінің апаты үшін жауапкершілікті ешбір дәлелсіз Пхеньянның мойнына жүктеп отырған» Сеулдің арандатушылық әрекетіне жауап ретінде Корея Халықтық Демократиялық Республикасы бірқатар қатаң шара қабылдап отыр. Бұдан былай оңтүстіккорейлік кемелер мен ұшақтарға КХДР-дың аумақтық сулары мен әуе кеңістігінен өтуде тыйым салынады. Корейаралық қарым-қатынастармен байланысты барлық мәселелерді «Пхеньян әскери кезеңнің заңдары бойынша қарайтын болады». Солтүстік Корея сондай-ақ, Сеулдегі «марионеттік режімге» қарсы қарымта насихат науқанын жүргізбек. Бірлескен индустриялық аумақ орналасқан Кэсон қаласындағы Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы экономикалық мәселелер жөніндегі консультативтік топтың жұмысы да тоқтатылады.
Пхеньянның шешімі бойынша, Корей түбегінің оңтүстік бөлігімен байланыстың барлық түрі үзіледі.