Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен айтты.

“Қазір әлем өршіп келе жатқан дағдарыспен және тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан біз – екі елдің көшбасшылары елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған маңызға ие екендігі туралы ортақ пайымға келдік. Өйткені, қазір Корея жаһандық басты мемлекет болуға, ал Қазақстан Жаңа Қазақстан құруға ұмтылуда. Осы мақсатта біз екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті барынша өзара тиімді және болашаққа бағдарланған серіктестікке айналдыруға уағдаластық”, - деді Корея Президенті.

Мәртебелі мейман Қазақстанға сапары аясында электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандуғм қол қойылғанын атап өтті.

“Соның негізінде ескірген электр стансаларын жаңғырту және жаңаратын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаластық. Осының арқасында біз компанияларымызды қолдауды жалғастырамыз. Ал олар Қазақстанның электр энергиясын өндіруді арттырып, өнеркәсібін дамытуға атсалыса береді. Қазақстанның бай минералды ресурстары мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін біріктіріп, негізгі минералдар жеткізілімі тізбегін нығайтуға уағдаластық. Осы сапар аясында негізгі минералдар жеткізілімі тізбегімен байланысты өзара түсіністік туралы 3 меморандум жасасуға уағдаластық. Сонымен қатар негізгі пайдалы қазбалаларды, оның ішінде литийді барлау, өндіру және балқыту бойынша серіктестікті дамытамыз деп шештік”, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар