18:38, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Кореяда өнертапқыш арақ іше алатын робот ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық өнертапқыш Парк Иен Чэн жалғыз ішімдік ішуден шаршаған отандастары үшін «стақандас» робот жасап шықты.

youtube.com әлеуметтік желісіне жариялаған бейнеролик көптің көңілінен шықты. Робот «жүрек жарды» тілектер айта алмағанымен рөмке соғыстырып, араққа бас шайқап, тамсана алады.