Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың мәселесі қашан шешіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің жалпы отырысында Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың тағдырына қатысты мәселе көтерілді. 

Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың мәселесі қашан шешіледі
Фото: Reuters

— Өздеріңізге мәлім, Кореяда болған жағдай, президент орнынан кетті. Одан кем дегенде 2-3 ай министр тағайындалмады, ол сұрақтар қаралмады, сонымен созылып кетті. Қазір Корея тарапы бізге қайтадан талап қойып отыр, ол жол картасын қабылдаңдар, оның аясында нақты іс-шараларды жазыңдар. Сол іс-шаралармен Кореяда заңсыз жүрген біздің азаматтарды еліңізге қайтып алып кетіңіздер дейді. Қазір Сыртқы істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Кореяға алғашқы жоспарды ұсынды, қазір жоспар қаралып жатыр.

— Негізі олар қол қоюға даярмыз деген, біз соған сенеміз. Егер сол жақтан келісімдер келсе, жыл аяғына дейін мақсат қойып отырмыз, — дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты бақылау күшейтілетіні туралы хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар