Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM —  Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Арнайы операциялар күштері әскери нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізу бойынша жол картасының іске асырылуын тексерді.

Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанадағы әскери бөлімде Қорғаныс министрі Әскери инфрақұрылым бас басқармасы өкілінің әкімшілік аймақтың құрылысы туралы баяндамасын тыңдады. Мұнда жауынгерлік бөлімшелерді, штаб пен медициналық пунктті орналастыру жоспарланған. Жұмыстың сапасын тексерген министр нысандарды пайдалануға берудің мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап көрсетті.

Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Казармалық ғимаратта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов кіреберістің жабдықталуын, тәуліктік кезекшілік өткізу орнының дайындығын, сондай-ақ қаруды сақтау және тазалау бөлмелерін тексерді.

Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бөлім қолбасшылығы министрге қолда бар қару-жарақ, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, РХБҚ, инженерлік және медициналық заттардың жай-күйі туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлік дайындық деңгейін қамтамасыз ету үшін алдағы сатып алу жоспарлары да таныстырылды.

Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Тексеру қорытындысын жасаған Қорғаныс министрі жол картасын іске асыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру және жеке құрамның жабдықталу жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Айта кетелік болашақ офицерлер әскери бөлімдерде тағылымдамадан өткен еді