Қорғаныс министрлігі Ақтауда мерт болған сарбаздың ісі бойынша арнайы комиссия құрды

АСТАНА. KAZINFORM - Ақтауда мерт болған сарбаздың ісін Қорғаныс министрлігі ерекше бақылауына алды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

«Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болуына қатысты іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде. Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады»,-делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды.

Осыған дейін Ақтауда оқ жарақатын алған сарбаздың мерт болғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар