Қорғаныс министрлігі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады.  

Қорғаныс министрлігі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды
Фото: Қорғаныс министрлігі

8 мамырдан бастап Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканың Астанадан тұрақты орналасқан жерлеріне жоспарлы түрде оралуы басталды.

Қорғаныс министрлігі мәлімдегендей әскери парадқа қатысқан әскери техниканы тасымалдау теміржол көлігімен де, өздігімен де жүзеге асырылады. Іс-шаралар 14 мамырда аяқталады.

— Тасымалдау теміржол көлігімен де, өз жүрісімен де жүзеге асырылады. Іс-шаралар 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады, — делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында. 

Айта кетелік кеше Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өткен болатын

 

Соңғы жаңалықтар