Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштерде әскери ғылымды 2020 жылға дейін дамыту стратегиясының жобасы қаралды

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаевтың төрағалығымен Қарулы Күштерде әскери ғылымды 2020 жылға дейін дамыту стратегиясының жобасы қаралды.

Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштерде әскери ғылымды 2020 жылға дейін дамыту стратегиясының жобасы қаралды

Бұл стратегия әскери ғылымды одан әрі дамыту басымдықтарын айқындап, оны жүзеге асыру шараларын қарастырады.

Аталған іс-шараға Қорғаныс министрлігі және Штабтар бастықтары комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚМ ғылыми мекемелерінің бастықтары, сондай-ақ әскери ғылым саласындағы елімізге танымал ғалымдар қатысты.

Кеңес барысында Қарулы Күштердегі әскери ғылымды дамыту бойынша жүргізілген іс-шараларға нақты баға берілді. Сондай-ақ, әскери ғылым жүйесіндегі жаңа үрдістер талданып, оны Қарулы Күштерде 2020 жылға дейін әр түрлі бағыттар бойынша дамыту ұсынымы жасалды.