13:18, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Қорғаныс министрлігінің әскери институтын алғашқы түлектер аяқтады
АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы әскери институтының алғашқы түлектеріне лейтенант атағын беру шарасы өтті.

Әскери оқу орнын бітірген 41 жастың 6-ы үздік дипломға ие болған. Сондай-ақ 90 пайызы шет елдің оқу орындарында тіл жетілдіру курстарынан өткен.
Алғашқы түлектерді шығарып салу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрлігі, елшіліктердің әскери атташелері, Қорғаныс министрлігінің ардагерлері қатысты. Аталған оқу орны 2004 жылы Шет тілдері әскери иниституы ретінде қүрылған болатын. Алғашқы үміткерлер 2005 жылы қабылданған еді. 2008 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Қорғаныс министрлігінің әскери институы болып өзгертілген болатын. Өзара-іс қимыл жөніндегі ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартына қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен институт келісім-шартқа мүше елдердің әскери мамандарын дайындаушы оқу орындарының қатарына енгізілген.