14:30, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Қорғаныс министрлігінің өкілдері 191 миллион 800 мың теңгені жымқырған ? апталық брифинг
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың лауазымды тұлғалары тарапынан оларға сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе оны ысырап ету фактілері азаяр емес.
Биыл жыл басынан бері қаржы полициясы осындай 138 фактіні анықтады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның деректеріне қарағанда, агенттік 191 миллион 800 мың теңгені құрайтын бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша, Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған. «Аталмыш қаржы Қапшағай қаласындағы әскери бөлімдердің біріне жаттығу құралдарын алу үшін бөлінген, ал қабылдау актісі жөндеуден өткізілген ескі құралдарға жасалған», - деді ресми өкіл.