Қорғаныс саласындағы қазақстандық өнімге сұраныс болады - М.Алтынбаев
Бұл пікірін ол бүгін Астанада өткен «КADEX-2010» қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктер көрмесінде білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пайымдауынша, еліміздің қорғаныс саласы бойынша өнім шығаратын зауыттар Кеңес өкіметі тұсында қарқынды жұмыс істеп келген болатын. «Егер біз олардың қызметін сол кездегідей жолға қоя білсек, Ресей мен Украина сияқты елдердің зауыттары біздің өнімдерді алулары мүмкін. Оны тек жүзеге асыра білу керек. Бұл ретте әсіресе ғарыш, авиация салаларын атап өтуге болады. Біз қазіргі таңда француздармен бірлесіп, байланыс саласы бойынша қажетті өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. Егер ойлаған іс сәтті жүзеге асса, байланыс саласындағы өнімдерге де өзгелер сұраныс тудыруы мүмкін. Себебі олардың да қару-жарақтары ескірген. Сондықтан әскер саласындағы Қазақстанның өнімдеріне өзгелер сұраныс тудырады», деді халық қалаулысы.