14:50, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қорғаныс саласының білім беру жүйесінде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды саладағы мамандықтарға басымдық береді
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қорғаныс саласының білім беру жүйесінде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды саладағы мамандықтарға басымдық береді. Бүгін Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні Қазақстан Қарулы Күштерін қаржыландыру негізінен әскери білім жүйесін де толық қамтып отыр. Егер 2007 жылдың басында біздің әскери оқу орындарымыз тиісті қондырғылармен толық жабдықталмаған болса, соңғы бір жыл ішінде бұл бағытта айтарлықтай серпін жасалды. Осыған орай, ендігі күні еліміздің әскери қызметкерлерінің кәсібилігі де үздіксіз шыңдала түседі. Сондай-ақ, қорғаныс саласына қомақты қаржы бөлініп қана қоймай, азаматтық білім беру саласынан жеткілікті түрде жоғары білімді мамандар тартылды. Сонымен бірге, ұлттық Қарулы Күштеріміз үшін қазақстандық әскери мамандардың шетелдердегі айтулы азаматтық және әскери арнайы жоғары оқу орындарында білім алуы маңызды. Бұл ретте алдымен жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды саладағы мамандықтарға басымдық беретін боламыз», деді Д. Ахметов.
Мәліметтерге қарағанда, 2008 жылы Ресей Федерациясында ? 2 мың 974, АҚШ-та ? 332, Германияда ? 140, Түркияда ? 171, Қытайда ? 63, Үндістанда ? 52, Ұлыбританияда ? 33, Францияда 29 қазақстандық әскери қызметкерлер білім алған. Сондай-ақ, бүінгі күні Беларустың оқу орындарында 148, Әзірбайжанда 13, Украинада 9 отандасымыз оқуын жалғастырып жатыр.