«Қорғаста» 10 мың теңге пара алған кеденші өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданының соты «Қорғас» Халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығының кеден бекетінде пара алған Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Е.Оразалинге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

«Сот анықтағандай, лауазымды қызметті атқара отырып, Е.Оразалин жеке кәсіпкерден 10 000 теңге көлемінде пара алған. Нақтырақ айтсақ, кеденші Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы Қытай Халық Республикасынан тыйым салынған медицина препараттарын өткізген кәсіпкерді әкімшілік жазаға тартпауы үшін осынша көлемде пара сұраған»,-деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот Е.Оразалинді ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, жеке басына тиесілі мүлкін тәркілеумен қатар, 500 000 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, сот Е.Оразалин өмір бойы жергілікті өзін өзі басқару органдарында мемлекеттік қызмет атқара алмайды деген үкім шығарды. «Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ»,-деп атап өткен соттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар