18:22, 21 Ақпан 2018 | GMT +5
«Қорғастан» нысан салмақ болған қытайлықтарды алдағандар ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚХР азаматтарын алдап, алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық азаматтар қамауға алынды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«56 жастағы Баймұханов пен 60 жастағы Набиева КР ҚК 307-бабының 2-бөлімі 2-тармағымен, 190 бабының 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деген күдік бар. Алмалы аудандық соты оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Іс материалдарына сәйкес, «Базис Алатау» ЖШС басшылығында істейтін жоғарыда аталған тұлғалар ҚХР азаматтары Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы, Ван Джуньге қатысты алаяқтық жасады деген күдік бар.
Олар қытайлықтардан «Қорғас» ШЫХО аймағында инвестициялық нысан құрылысы мен жер телімін жалға алу мәселелерін шешіп берем деп алдап, 1 млрд теңгесін қолды еткен.