«Қорғау» ЖЗҚ-ның зейнетақы активтері «Ұлар Үміт» ЖЗҚ-ның басқаруына өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ-ында «Қорғау» ЖЗҚ» АҚ-ның активтерін қабылдаудың техникалық жұмыстары жүріп жатыр. Оны қор басшылары бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорғау» қорының 97 мың адамды құрайтын салымшыларының мүддесін «Ұлар Үміт» қоры өз есебінен қанағаттандыратын болады. Ал қордың құрылымдық жүйесіне үлкен өзгерістер енгізілмейді», дейді «Ұлар Үміт» АҚ» Басқарма төрайымы Гүлнәр Әлімғазиева. Оның айтуынша, қордың қаржы құралдарының ықтималды құбылмалығын игеруге мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, орта мерзімді болашақ салымшыларға лайықты табысты қамтамасыз етуде жеткілікті әлеуетке ие. «Ұлар Үміт» қоры өзінің еншісіне «Қорғау» зейнетақы активтерін қабылдаумен қатар, қосымша жауапкершіліктерді де алып отыр. Олар мәселен, номиналды табыс көрсеткіші мен номиналды табыстың талап етілген мәні арасындағы айырмаға өтемақы төлеу міндетін орындауға дайын.

Жалпы «Ұлар Үміт» қорының зейнетақы активтерінің көлемі маусымның 1-індегі деректерге қарағанда 280 миллиард теңгеден асып отыр. Ал инвестициялық табысы 86 миллиард 117 миллион теңгеден асты. Оған 1 миллионнан астам қазақстандықтар өз жинақтарын сеніп тапсырып отыр.

Соңғы жаңалықтар