03:01, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Көріпкел болжамы: Боинг-777 ұшағы 1 тәуліктен кейін табылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғол астрологы Ц.Нямдорж 8 наурызда 239 жолаушысымен із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық Боинг-777 ұшағы 1 тәуліктен кейін табылады деп болжап отыр, деп жазады news.mongolnow.com.

«Анығын айта алмаймын, бірақ ұшақ теңіз түбінде жатқанын білемін. Ұшақтың сынықтары сол теңіздің жағасынан табылады» деп қосты көріпкел.
Тілшінің «Ұшақтағы 239 жолаушының бәрі табыла ма?» деген сұрағына ол: «Ондағы бір де бір адам тірі қалған жоқ» деп жауап берді. Malaysia Airlines әуекомпаниясынан хабарлағандай, Куала-Лумпурдан Бейжіңге шыққан ұшақтың ішінде Қытайдың 153 азаматы, олардың ішінде біреуі бала, Малайзияның 38 азаматы, 12 индонезиялық, 6 австралиялық, 3 француз, 4 американдық, оның ішінде біреуі бала, Украина, Жаңа Зеландия және Канадан екі-екі адамнан, Ресей, Италия, Тайвань, Нидерланды және Австриядан бір-бір адамнан болған. Ал 12 экипаж мүшесі жайында Malaysia Airlines әзірге ешқандай ақпарат таратпай отыр.