18:30, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
«Король сөйлеуде!» фильмі британ киноакадемиясының жеті марапатын жеңіп алды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Режиссер Том Хупердің «Король сөйлеуде!» фильмі Британ кино және телевидение академиясының (BAFTA) жеті марапатын жеңіп алды.
BAFTA сыйлығының салтанатты ұсыну рәсімі 13 ақпанда кешкісін Лондонда өтті. Бұл туралы «Лента.ру» порталы хабарлайды. Ұлыбритания монархы Георг VI-ның логопед Лаонел Логтың көмегімен кекештік пен сенімсіздікті жеңуін баяндайтын көрініс, атап айтқанда, ең үздік фильм және ең үздік британдық фильм атауында екі басты жеңіске жетті.
Соған қоса, BAFTA-ның ең үздік ер адам рөлі сыйлығын корольді ойнаған Колин Ферт жеңіп алды. «Король сөйлеуде!» фильмінде ойнаған Джеффри Раш пен Хелена Бонем Картер тиісінше екінші саптағы ең үздік актер атағына ие болды. «Король сөйлеуде!», сонымен қатар, BAFTA-ның ең ерекше сценарий және фильмге ең үздік музыка сыйлықтарын жеңіп алды.