Коронавирус алдында балалардың анағұрлым осал тобы аталды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жаңа коронавирус инфекциясы ересектермен салыстырғанда балаларда жеңіл өтеді. Бұл ретте, вирус алдында осал топқа бір жасқа дейінгі балалар жатқызылып отыр. Бұл туралы Роспотребнадзор Орталық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары Александр Горелов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«Балалар арасында анағұрлым осал топқа бір жасқа дейінгі сәбилер және жасөспірімдер жатады. Себебі бір жасқа дейінгі балалар коронавирусты ата-аналарынан жұқтырады. Бұл кезде олардың иммунитеті әлі қалыптасып үлгермейді. Сондықтан кез келген инфекция оларға қатты әсер етеді», - деді ол.

Гореловтың айтуы бойынша, 14 жастан жоғары балалар арасындағы жұқтыру жағдайының көп болуы, олардың әлеуметтік белсенді болуымен тікелей байланысты. «Жасөспірімдердің вирусты жиі жұқтыруының екінші себебі – дельта штамының пайда болуы. Қазіргі кезде ол Ресейде вирустың басым түріне айналды», - деді сарапшы.

Сонымен қатар Горелов жасөспірімдердің де ересектер сияқты ауруды әрқалай қабылдайтынын айтты. Алайда, оның сөзінше, орташа алғанда жасөспірімдер ересектер сияқты қатты ауырмайды.

Соңғы жаңалықтар