Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Коронавирус: Алматы облысы - «қызыл», Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Алматы облысы - «қызыл», Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтті

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.

Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.