Коронавирус: Атырау облысында стационарда 200-ден астам науқас жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 541 адам коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр. Оның ішінде 207 науқас инфекциялық стационарларда, ал 334 пациент үйінде емделу үшін оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Атырау облысында стационарда 200-ден астам науқас жатыр

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте қауіпті вирусты 13 адам жұқтырған. Нақтылай айтқанда, Атырау қаласында – 7, Теңіз кен орнында – 4, Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 адам сауығып шықты. Қазір ұй жағдайында емделу үшін 334 науқас оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 74, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 53, №2 облыстық ауруханада – 44, аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 пациент ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында бір күнде 6 адам қайтыс болғанын жазған едік.