Коронавирус: Барлық өңір «жасыл» аймақта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 наурыздағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, 29 наурыздағы бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны артты – 32 адам. 28 наурызда 17 адамнан тіркелген болатын.


Соңғы жаңалықтар