Коронавирус шыққан елдің жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан аумағына жіберілмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шекара қызметі COVID-19 пандемиясына қарсы қосымша шаралар қолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус шыққан елдің жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан аумағына жіберілмейді

«Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша келесі өзгерістер енгізілген:

-Қазақстан Республикасы (соның ішінде транзиттік сапар) аумағына кірер кезде өткізу бекетіне жеткенде 1а) және 1б) санатындағы елдерден келген жүргізушілер, сондай-ақ 1а) және 1б) санатындағы елдерде соңғы 15 тәулік ішінде болған жүргізушілер жеткізген жүктер тек карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуымен автомобиль бекеті аумағында жүргізушіні ауыстыру, немесе қазақстандық жүк көлігіне ауыстыру жағдайында ғана өткізіледі.

Бұған дейін Шекара қызметі 2020 жылғы 16 наурызда сағат 08:00-де Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ҚР азаматтары, шетел азаматтары, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына мемлекеттік шекара арқылы кіру-шығуға шектеу қойылғаны туралы ақпарат таратты.