Коронавирус жұқтырған 48 мыңнан астам қазақстандық үйінде емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 5 қазандағы ақпарат белгілі болды.

Коронавирус жұқтырған 48 мыңнан астам қазақстандық үйінде емделіп жатыр

5 қазандағы мәлімет бойынша, 58 383 адам коронавирус инфекциясынан (50 486 КВИ+ және 7 897 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 10 066 пациент - стационарда, 48 317 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 732 адамның жағдайы ауыр

- 223 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.