Коронавирусқа қарсы жаңа препарат емдеу хаттамасына енгізілуі мүмкін
«Әлемде КВИ-ді емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар. Бірақ ол препараттар зерттеудің соңғы кезеңінен өткен жоқ. Дегенмен, бірқатар елдер кейбір дәрі-дәрмектерді шұғыл жағдайда қолдануға ұсыныс беріп отыр. Қазір бұл бағытта біздің клиникалық хаттаманы әзірлеуші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыс нәтижесін жариялаймыз. Бір ай ішінде белгілі болып қалады», - деді Бауыржан Жүсіпов ОКҚ-де өткен брифингіде.
Айта кетсек, қазір орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.
Брифингіде белгілі болғандай шілде айы басталғалы 3 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды.
Сонымен қатар, қазір әлемде омикрон штамының өршіп тұрғаны айтылды.
Сондай-ақ, еліміз 300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алу бойынша келісім жүргізіп жатыр.