Коронавирусқа ПТР-анықтамасы болмаған өзбекстандық Нұр-Сұлтан әуежайынан депортацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 сәуірде Қазақстан аумағына АҚШ, Германия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа ПТР-анықтамасы болмаған өзбекстандық Нұр-Сұлтан әуежайынан депортацияланды

Өткен тәулікте елімізге әуе жолымен барлығы 4 307 жолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 590 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 140 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 311 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 153 жолаушы;

- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 113 жолаушы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, 25 сәуір күні «Ташкент – Нұр-Сұлтан» авиарейсімен коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.