Коронавирусқа шалдыққан 355 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 21 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 355 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62 бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 355 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.