Коронавирустан емделіп жатқан 148 науқастың жағдайы нашар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 223 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 340 бала бар.
Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған.
26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.