Коронавирустың дельта нұсқасынан алынған иммунитет омикроннан қорғамайды - профессор

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Коронавирусқа қарсы вакцинациядан алты ай өткен соң ревакцинациядан өту өте маңызды. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында медицина ғылымдарының докторы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова айтты, деп хабаплайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустың дельта нұсқасынан алынған иммунитет омикроннан қорғамайды - профессор

Спикердің сөзінше, коронавирустың дельта нұсқасынан алынған иммунитет омикрон инфекциясынан қорғамайды.

Сонымен қатар, ол вакциналармен егілген және қосымша үдеткіш дозасын алған адам ғана толық иммунитетке ие болатынын түсіндірді.
«Ревакцинация қорғаныс антиденелерін өндіруді және коронавирусқа қарсы жасушалық иммунитетті күшейтеді. Демек, ревакцинация омикроннан да, басқа да мутацияланған штамдардан да қорғайды», - деді Күләш Құрманова.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 119 вакцинация пунктінде КВИ ревакцинациясы жасалады.
Ресми дерекке сүйенсек ревакцинациядан 200 148 алматылық өтті.