Коронавирустың омикрон түрі Қазақстанда әлі де бар - министрлік
Спикердің айтуынша, бүгінгі күні республикада КВИ+ 1 млн 400 мыңнан астам науқас және КВИ- 90 мыңнан астам жағдай тіркелген.
«Республика және барлық өңірлер жасыл аймақта тұр. Тәулігіне 120-ға дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайы тіркелуде, науқастардың 99%-ы сауығып шықты. Қазақстанда соңғы 2 аптада алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,4 есеге – яғни 754-тен 1075 жағдайға дейін өсті», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге КВИ бар пациенттерге стационарлық көмек көрсету үшін 2 056 төсек-орын ашылған, оның ішінде инфекциялық төсек-орын – 1 747, қамтылғаны – 104 (6%), бос тұрғаны – 1 643 (94%).
Реанимациялық төсек-орын – 309, қамтылғаны – 8 (3%), бос тұрғаны – 301 (97%).
«Штамдарды сәйкестендіру нәтижесі республикада Омикрон нұсқасының айналымда жүргенін көрсетті», - деді Роза Қожапова.
Айта кетейік, 20 ақпандағы статистика бойынша 70 адамнан коронавирус инфекциясы табылған еді.