Коронавирустың тарау қарқыны үдегенімен жеңіл өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус біршама төмен агрессивті формада өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Осы жылдың маусым айының соңынан бері елордадағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделеніп келе жатқаны байқалады. Айталық, осыдан бір ай бұрын тәулік ішінде бірнеше ғана жағдай тіркелсе, соңғы екі аптада орташа тәуліктік тіркелім 120 жағдайға жетіп отыр. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының зертханаларда дәлелденген 118 жағдайы тіркелді. Коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша репордуктивтілік сан 1,958-ге тең», - деді Сархат Бейсенова агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, аурушаңдықтың артуына қарамастан коронавирус біршама төмен агрессивті формада өтіп жатыр. Ең бастысы науқастардың ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар жоқ.

«Қазіргі уақытта 118 науқас стационарларда, оның ішінде 11 науқас реанимация бөлімшесінде ем алып жатыр. Сонымен қатар 338 адам амбулаторлық жағдайда ем алу үстінде», - деді ол.

Бұған дейін Сархат Бейсенова коронавирустың өсіміне байланысты елордаға кіріп-шығуға тыйым енгізу қарастырылып отырмағанын айтқан хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар