Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Н.Ысқақов пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері бойынша Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақовқа, оның екі орынбасары Әлжан Бірәлиев пен Зейнолла Сәрсембаевқа
None
None
және «Меркурий плюс» ЖШС-ның өкілі Әділбек Жайылғановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс прокуратура органдарымен тексеріліп, материалдары Астана қаласының Есіл аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің екі вице-министріне ? Ә.Бірәлиев пен З.Сәрсембаевқа, осы министрліктің департамент директоры Т. Савицкаяға, «Меркурий плюс» ЖШС-ның жетекшісі Виктор Лайсқа мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және қаржыны талан-таражға салды деп айып тағылғандығы туралы хабарлаған болатын. Осы жылғы наурыздың 30-ында қызметтік жағдайын пайдаланып, аталған бюджеттік қаржының талан-таражға түсуін ұйымдастырды деген күдікпен бұрынғы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов ұсталды. Ол қазіргі кезде Астана қаласындағы уақытша оқшаулау абақтасында қамауда отыр.Ал Қоршаған ортаны қорғау ведомствосының департамент басшысы Татьяна Савицкая мен «Меркурий плюс» компаниясының иесі Виктор Лайс бүгінде жауапкершіліктен қашып бой тасалауда. Оларға іздеу жарияланды. Аталған адамдар Қазақстан аумағынан шығып кетті деген ақпарат бар.
Соңғы жаңалықтар
Референдум