Қоршаған ортаны ластағаны үшін компаниядан 3 миллиардтан астам теңге өндіріліп алынды
ОРАЛ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал табиғат қорғау прокуратурасы БҚО аумағында кен қойнауын пайдаланып отырған «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының қоршаған ортаны ластағанын анықтаған болатын.
Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұдан келген шығын 3 млрд. 89,5 млн. теңгеден асты.
Табиғат қорғау прокуратурасының ұйғарымына сәйкес Жайық-Каспий экология департаменті келтірілген залалды мәжбүрлеп өндіру жөніндегі түсірген талапарызды БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты толық қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енді.