Көші-қон саласына талдау жасау қажет — Үкімет басшысы

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов заңсыз көші-қонға қатысты жүйелі шешім қабылдауды тапсырды. 

Көші-қон саласына талдау жасау қажет — Үкімет басшысы
Фото: Үкімет

— Жаһандық геосаяси өзгерістер мен миграциялық ағынның күшеюі жағдайында халықтың көші-қон мәселесі аса маңызды басымдыққа айналып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нақты реттелетін көші-қон саясатын қалыптастыру керек. Ол үшін нормативтік құқықтық базаға аудит жүргізіп, мемлекеттік органдардың көші-қон саласындағы функционалдық мүмкіндіктеріне талдау жасау қажет, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Премьер-министр көші-қон саласында заң бұзу фактілері барын айтты.

— Заңсыз көші-қон, өңіраралық диспропорция және көші-қон ағынын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселе бойынша жүйелі әрі кешенді шешім қабылдануға тиіс. Соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны бір жарым есе артқан, — дейді ол.

Айта кетсек, биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Соңғы жаңалықтар