Көшеде отқа оранған ер адамды ажалдан аман алып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Владивостоктағы асханалардың бірінен отқа оранған ер адамның далаға шыққаны бейнеленген бейнеролик пайда болды.
None
None

Оқыс оқиға осы асхана маңында тұрған көліктердің бірінің видеорегистраторының камерасына ілікті.

Онда беліне дейін жалын шарпыған ер адам шаурма және шығыс елдерінің өзге де ас түрлерін сататын дүкеннен шыққан. Денесін шарпыған жалынға қарсы тұрар дәрмені жоқ әлгі жан жерге құлады. Бірнеше минуттан соң оған тағы бір адам жүгіріп келіп отты сумен өшіре бастады.

Жапа шеккенді жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Оның жағдайы жөнінде ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар