Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көшеге қоқыс тастағаны үшін павлодарлық 2 тұрғын қамауға алынды, 16-сына айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты көшеге қоқыс тастап, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты істерді қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Көшеге қоқыс тастағаны үшін павлодарлық 2 тұрғын қамауға алынды, 16-сына айыппұл салынды

Ұсталға азаматтар қоғамдық жерлерді ластағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналадағы адамдарға құрметсіздікпен қарағаны үшін айыпталуда. Сот жерге темекі тұқылын, шекілдеуік пен қаптама қағазды тастағаны үшін екі бұзушыға бір тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын қолданды, тағы 16 адамға айыппұл салды.

Сотқа осыған ұқсас әкімшілік істердің түсуі жалғасуда.