Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қосшыдағы демалыс орнында бассейн суына алты жасар бала батып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының полицейлері Қосшы қаласындағы демалыс орындарының бірінде көз жұмған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

бассейн, утонул
Фото: Айгерім Амантаева / Kazinform

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 17 шілдеде Қосшы қалалық полиция бөліміне демалыс аймағындағы бассейнде шомылу кезінде кішкентай баланың мерт болғаны туралы хабарлама түскен.

– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, – деп хабарлады ведомство.

Редакцияның мәліметінше, көз жұмған бала 2020 жылы туған.

Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды су айдындары мен бассейндердің маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ мәліметтері бойынша шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып кетті.