Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай әкімі халық алдында есеп берді

ҚОСТАНАЙ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай әкімі Жомарт Нұрғалиев бүгін халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Қала басшысы былтырғы жылдағы жұмыс қорытындылары туралы баяндап, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Қостанай әкімі халық алдында есеп берді

Ж.Нұрғалиев облыс орталығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жақсы баға берді, қалада орташа еңбекақы 13,5 пайызға артқан, жалпы құны 10 млрд. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үй құрылысы даму үстінде. Әкімнің ойынша, басты бір мәселе лифт шаруашылығының қазіргі жағдайы. Әкімнің пікірінше, бюджеттің көмегінсіз лифттерді жөндеуден өткізуді жалғастыру мүмкін болмайды.

Биылғы жылдың жоспарларына тоқталатын болсақ, тұрғын үй құрылысындағы көрсеткіштерді арттыру жоспарлануда. 2011 жылы 111 000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр.

Ал халықтың әкімге қойған сауалдары арасында коммуналдық саладағы мәселелер көптеп айтылды. Атап айтсақ, қостанайлықтар жылу тарифтерінің қымбаттығына наразылық білдірді. Ж.Нұрғалиевтің айтуынша, объективті себептерге байланысты тарифтер қазіргіден жоғары болуы керек, ал тарифтердің өсуін ұстап отыруға бюджет көмектесіп отыр.