Қостанай ауданы әкімінің бірінші орынбасары бес жылға бас бостандығынан айырылды

ҚОСТАНАЙ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай ауданы әкімінің бірінші орынбасары Мереке Демесіновке үкім шығарылды.
None
None

Шенеунік аудандық әкімдік ғимаратында былтырғы жылдың желтоқсан айының ортасында кәсіпкерден 350 мың теңге пара алған соң бірден қолға түскен. Сот бұл Демесіновқа Ульянов ауылындағы кәріз құбырын бөлшектеу үшін берген пара деп тапты. Шенеунік пен оның қорғаушысының ақша әлеуметтік қорға арналған деген сөзіне қарамастан, сот оның кінәсін толық дәлелдеді. Қостанай аудандық сотының судьясы А.Смайылов М.Демесіновты мүлкін тәркілеумен бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ, сотталушы апелляциялық шағым бере алады.

Соңғы жаңалықтар