16:25, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Қостанай ауданындағы ауылдық округ әкімі 300 мың теңгемен ұсталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданының Борис-Романовка ауылдық округінің әкімі жер үлесін алмақ болған азаматшадан 300 мың теңге көлемінде ақша алған.
Алайда, Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл пара алу емес, қызметтік бабын асыра пайдалануға жатады екен. Аталған фактінің ізімен ҚР ҚК 307 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келеңсіз оқиға Борис-Романовка кентінде орын алған. «Әкім бұл ақшаны өз қызметін асыра пайдаланып, пайда табу ниетімен алған» делінген хабарламада. Оның ақшаны заңсыз алуы «ел мүддесін қорғайтын заңның бұзылуына соқтырды».