Қостанай ауданының полицейлері жаңа көліктерге ие болды
ҚОСТАНАЙ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай ауданының әкімі Ахметбек Ахметжанов полицейлерге жаңа көліктер мен компьютерлік техника табыс етті.
Әкім А.Ахметжанов 70 мыңнан астам халқы бар облыстағы ірі ауданның ішкі істер бөлімі жауапты жұмысының арқасында криминалды жағдайды бақылауда ұстап тұрғанын атап өтті.