«Қостанай-ЦТО» кеден бекетінің шенеуніктері парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 12 желтоқсанда 18 сағат 30 минутта ұзаққа созылған шұғыл-іздестіру шарасының нәтижесінде Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Қостанай облыстық департаментінің қызметкерлері бірлесіп «Қостанай-ЦТО» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларын ұстады.
None
None

null
Бұл туралы Facebook-те ҚР ҚМ   Мемлекеттің кіріс  комитетінің ресми өкілі  Мұрат Жұманбай хабарлады.

Оларға 2016 жылдың қыркүйегінен желтоқсанға дейін  кедендік тауарларды және көлік құралдарын рәсімдеуде оңды шешім шығару үшін ұдайы пара алып келді деген күдік келтірілуде.

Осы фактілер сотқа дейінгі тергеу реестріне пара алу ісі бойынша тіркелді. 

null  

Соңғы жаңалықтар