Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай қалалық сотының төрағасы болып Мұрат Найманов тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығы бойынша Қостанай қалалық сотының төрағасы болып Мұрат Найманов тағайындалды.

Қостанай қалалық сотының төрағасы болып Мұрат Найманов тағайындалды

М. Найманов 1965 жылғы 14 қазанда Қостанай облысында туған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы тракторшы болып бастаған, ал 1995 жылы Қостанай облысы Қамыс аудандық сотының әкімшілік және атқарушылық өндіріс жөніндегі судьясы лауазымында болды.

Әр жылдары Қостанай облысының Наурызым, Алтынсарин және Жітіқара аудандық соттарының төрағасы болып істеді.

Қостанай қалалық сотының экс-төрағасы Самалбек Мұхтаров қазіргі уақытта пара алды деген айып бойынша қылмыстық қудалауда.