Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай колледжінің директоры пара алғаны үшін 3 млн. теңге айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қ. №2 сотта ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі (пара алу) бойынша қылмыс жасаған «Қостанай құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК бұрынғы директоры Е. Сұрағановқа қатысты үкім шықты.

Қостанай колледжінің директоры пара алғаны үшін 3 млн. теңге айыппұл төлейді

«Қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте қаралды. КМҚК директоры лауазымын атқарған кезде Сұрағановта колледждің қызметкерлерін қабылдауға және жұмыстан шығаруға құқығы болды. Колледж директоры азаматша В-ны өндірістік оқыту шебері лауазымына тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған. Осы қызметі үшін ол 50 мың теңге пара алған. Сот оған параның 60 есе сомасы көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады, бұл 3 000 000 (үш миллион) теңгені құрады, сондай-ақ ол мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады», - деп хабарлады Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 41-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі санкциясының шегінде 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.