Қостанай қос мерекені атап өтуде

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда қала күні еліміздің Конституциясы күнімен тұстас келді. Осы елеулі оқиғаларға орай Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин аймақ тұрғындарына құттықтау жолдады.
None
None

«Қала қабырғалары Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысы кезеңдерін ұмытқан жоқ. Сонау елуінші жылдары Қостанай Солтүстік Қазақстандағы тың игерудің орталығы болды. Тарихи оқиғалар облыс орталығының бүгінгі өсіп-өркендеуіне ықпал етті. Қостанайда әртүрлі ұлттар өкілдерінің мыңдаған тағдырлары тоғысты», - делінген облыс әкімінің құттықтауында. Облыс басшысының сөзі әкімдіктің ресми сайтында орналастырылған.

Қостанай қала күнімен қатар іргесі қаланғанына 130 жыл толуын да кеңінен атап өтуде. Мерейтой құрметіне қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік мекемелер аранйы шаралар өткізді, көрмелер ұйымдастырды және спорт жарыстары болды. «Туған қалам - Қостанай!» көркем экспозициясына қатысушылар өздерінің жұмыстарын жергілікті сурет галереясына сыйға тартуға шешім қабылдады. Бүгін облыс әкімдігі алдындағы орталық алаңда Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің қатысуымен ретро-фестиваль өтеді. Ал одан кейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады, оған ресейлік поп-жұлдыз Наталья Королева да қатыспақ.  

Соңғы жаңалықтар