15:35, 29 Мамыр 2024 | GMT +5
Қостанай мен Абай облысындағы жойқын өрттер елдегі орманның 0,6 пайызын жойған
АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында кейінгі 10 жылда елдегі орман қорының қалай өзгергенін айтты.

«Қазақстан аумағындағы орманды алқаптың аумағы 2013 жылдың 1 қаңтары (28788,1 мың гектар) мен 2024 жылдың 1 қаңтары (30970,5 мың гектар) аралығында 2 182,4 мың гектарға ұлғайды, орман жамылғысы 1153,3 гектарға көбейді», - деп жазылған ресми мәліметте.
Кейінгі екі жылдың көлемінде Қостанай және Абай облыстарында үлкен аумақты шарпыған орман өрттері тіркелгені белгілі.
«2022 жылы Қостанай облысында, 2023 жылы Абай облысында болған жойқын өрттер елдегі орман жамылғысының 0,6 пайызын жойып жіберді», - делінген жауапта.