Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысында 7 мың литрге жуық жанармайды заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысында мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің 282 әрекетінің жолы кесілді.

Названы регионы с самым высоким ростом потребления бензина
Фото: freepik.com

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, бақылау шаралары басталғалы бері шекарадан 7 мың литрге жуық жанармайды заңсыз алып өтуге тосқауыл қойылған.

Оның ішінде шамамен 4 мың литрі бензин, ал 3 мың литрге жуығы дизель отыны.

Бұдан бөлек, мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттың (СНТ) болмауына байланысты әкімшілік материал рәсімделді. Іс соттың қарауына жолданды.

— Тек соңғы тәуліктің өзінде жанармайды заңсыз әкетудің тағы 9 әрекетінің жолы кесілді. Көп жағдайда бензин мен дизель канистрлерде тасымалданған. Бұл – жанар-жағармай материалдарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізудің ең кең таралған тәсілдерінің бірі, – деп хабарлады ведомство.

Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті жанар-жағармай материалдарының мемлекеттік шекара арқылы тасымалдануын бақылау тұрақты негізде жүргізілетінін еске салды.

Осыған дейін Қазақстаннан жанармайды заңсыз шығарудың 392 дерегі анықталғаны туралы жаздық.