Қостанай облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Жолды 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 09:00–де ашу жоспарланған, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

— 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 03:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласы — Октябрьское ауылы) дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Осыған дейін «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 26 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Кей аймақта қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман басады. 

Соңғы жаңалықтар