Қостанай облысында аязға байланысты 1-сынып оқушылары қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желден 1-сынып оқушылары қашықтықтан оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қостанай облысында аязға байланысты 1-сынып оқушылары қашықтықтан оқиды
Фото: Астана әкімдігі

Жергілікті білім басқармасының хабарлауынша, бірінші ауысымдағылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.

Бұл шектеу аталған мектептерге қатысты: №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебі. 

Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді. 

Қалған оқушылар әдеттегідей оқуларын жалғастырып жатыр. 

Бұдан бұрын СҚО-да 108 сыныптың оқушылары ЖРВИ-ге байланысты онлайн оқып жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар