Қостанай облысында бірқатар бағыт бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 15 наурыз сағат 23:30-да күннің бұзылуына байланысты Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 555 — 682 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Сарыкөл кенті);

- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 320 — 501 шақырым аралығы (Бестөбе кенті — Рудный қаласы);

- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8 — 218 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Октябрьский кенті).

Жолды 2026 жылы 16 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, ертең еліміздің көп бөлігінде тұман мен жел күшейеді.