Қостанай облысында КамАЗ-бен соқтығысқан мотоциклші қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Мотоциклист погиб после столкновения с КамАЗом в Костанайской области
Фото: Қостанай облысы ПД

Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, автожолда «КамАЗ» көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

— «КамАЗ» жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, — деді Аманжол Байзақов.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Талдықорғандағы айналма жолда болған жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен болатын.